Қызылорда облысында есептегі екі сотталған қайтарымсыз грант ұтып алды

Azattyq Rýhy

«Бастау-бизнес» жобасында арнайы курсты оқыған

Қызылорда облысында есептегі екі сотталған қайтарымсыз грант ұтып алды
Фото: Polisia.kz

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл – пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Кәсіп ашуды мақсат еткен пробация есебіндегі екі азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып, өз бизнес жобасын қорғап шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде екі сотталушы мемлекеттен қайтарымсыз 1 476 800 теңге грант ұтып алды.

«Бастау-бизнес» жобасы арқылы оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мүмкіндік көп. Көлік жөндеу слесарі бойынша грант иегері атандым. Қайтарымсыз қаражатыма қажетті заттарды сатып алатын боламын. Көлік жөндеу орталығын ашып, отбасымды адал жолмен асырап, халқыма пайдамды тигізсем деймін», – дейді сотталған азамат.

Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік берілуде. Есептегі азаматтар арасынан кәсіпке бет бұрғандар бар.

«Екі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификат алды. Өз бизнес жоспарын жасап, комиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданып, қайтарымсыз қаражат ұтып алды. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан мұндай көмек пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізіп келеді», – дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Гүлнұр Байсариева.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.