04.07.2024, 07:18
Қоғам
Таразда денесін құрт басқан кейуана табылды
Оның қасында екі ұлы болған
Фото: freepik.com
Таразда еріктілер жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан кейуана мен оның екі баласын тапқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналистің жазуынша, 78 жастағы кейуананың аяғы құрттап кеткен, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.
«Ал 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.
Көп оқылған
30.03.2026, 12:13
Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда 32 градус ыстық болады
30.03.2026, 17:55
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Алматы әкімі көлігін тұраққа дұрыс қоймағандардың өзін жазаламақ
30.03.2026, 09:00
1 млн-ға жуық доза: Ұлытау облысында көліктен 3 млн доллардың есірткісі табылды (ВИДЕО)
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
30.03.2026, 06:19
Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды: тергеу жүргізіліп жатыр