$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2020, 22:41
Қоғам

Ақсу қаласы тұрғындары өздерін Birgemiz акциясынан тыс қалдырмауды сұрады

Павлодар облысының тұрғындары «Nur Otan» партиясы өкіліне тікелей эфирде сұрақтарын қойды

Ақсу қаласы тұрғындары өздерін Birgemiz акциясынан тыс қалдырмауды сұрады
Фото ашық дереккөзден

Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар облысы бойынша төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко тікелей эфир арқылы жергілікті тұрғындардың сауалына жауап берді.

Тікелей эфир Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы жүргізілген. Эфирді барлығы мыңға жуық адам қарап, партия өкіліне 900-ден астам сұрақ қойған.

Эфир барысында белгілі болғаны, облыс тұрғындарын негізінен мемлекет тарапынан беріліп жатқан 42 000 теңге көлеміндегі жәрдемақы мен «Nur Otan» партиясы тарапынан «Birgemiz» акциясы аясында беріліп жатқан 50 мың теңгелік әлеуметтік қаржылай көмек көбірек қызықтырады екен.

Сондай-ақ, дәл осы «Birgemiz» акциясынан тыс қалдық деп Ақсу қаласының тұрғындары шағым айтты. Олар өздерін осынау акциядан тыс қалдырмауды өтініп отыр.

Ал, облыс орталығының халқын жоғарыда аталған проблемалардан бөлек мектептердің ашылуы, студенттерге берілетін жәрдемақы мәселесі, жетімдерге азық-түлік себетінің берілуі сынды мәселелер де алаңдатады.

Илья Теренченко аталған проблемалар мен өтінімдерді жергілікті атқарушы органмен бірлесе шешілетінін, «Birgemiz» акциясы әлі де жалғасатынын және мұқтаж жандар түгел көмекпен қамтылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары