$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 02:29
Қоғам

Қазақстанда бір адамдық пикеттерге рұқсат берілуі мүмкін

Бұл норма Парламент депутаттары қарастырып жатқан заң жобасында бар

Қазақстанда бір адамдық пикеттерге рұқсат берілуі мүмкін
Фото: uralsweek.kz

Сенат депутаттары «Бейбіт жиналыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі» туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков бұған дейін бейбіт жиындар ережесін жергілікті маслихаттар бекіткендіктен, өңірлер бойынша құқықтық реттеу әртүрлі жолға қойылғанын айтты. Оның ойынша, жаңа заң бейбіт жиындарды республиканың барлық өңірінде бірдей ережеге сай өткізуге мүмкіндік береді.

Владимир Волковтың айтуынша, қазіргі заңнамада «жиын», «демонстрация»,«митинг», «пикет» т.б  анықтамасы жазылмаған. Сонымен қатар жиындарды бір адам ұйымдастыра алмайды деген таңдауға қатысты да көп сын айтылды.

«Жаңа заңда демонстрация, митинг, пикет және т.б анықтамалар берілген. Сонымен қатар бейбіт жиынды тек ұйым, азаматтар тобы ғана емес, кәмелеттік жасқа толған жалғыз адам да ұйымдастыра алады», – деді Владимир Волков.

Серіктес жаңалықтары