Жаз басталғалы елордада 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері жауапқа тартылды

Azattyq Rýhy

Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО болды

Жаз басталғалы елордада 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com

Жазғы кезеңнің басталуымен елорда жолдарында мопедтер мен самокаттарды басқаратын жүргізушілер көбейді, олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады. Осыған байланысты Астана қаласы ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен 1000-нан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 1000-нан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды. Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді.

«Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, "Hyundai Accent" маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолдарда мұқият болуды ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.