Алты мыңнан астам граффити боялды – ІІМ

Azattyq Rýhy

Министрлік есірткіге қарсы айлықты қорытындылады

Алты мыңнан астам граффити боялды – ІІМ
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Есірткіге қарсы айлық аясында 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан астам граффити боялды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атап өту қажет, бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Нарколог-дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды. Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Еліміз бойынша 5414 іс-шара өткізілді. Әр түрлі бағыттағы шаралар 994 нарколог-дәрігерлердің, 894 еріктілердің, 215 жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425 үкіметтік емес сектормен және 610 білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.