28.06.2024, 16:07
Қоғам
Баланы ішекпен қылқындырған ер адамның ісі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Оқиғаның Қазақстанның қай өңірінде болғаны белгісіз
Фото: скриншот
Әлеуметтік желіде кішкентай баланы малдың ішегімен қылқындырып жатқан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода ер адам жер үстелдің жанында ойнап жүрген сәбидің артынан келіп, кенеттен мойнына ішек салады. Бала тұншығып, тілін шығарып, қайта-қайта лоқсып, кішкентай денесі бүкірейіп кетеді. Ал дастархан басында отырғандар ер адамның қылығын күле қабылдайды. Бір әйел адамның «жай қылқындыр» деген сөзі естіледі.
Желі қолданушылары бенежазбаға әртүрлі пікір қалдырған. Кейбірі бұл әрекетті «баланың тілі ерте шығу мақсатында жасайтын ырым» деп атаса, кейбірі сәбиді маманға көрсетуге кеңес берген.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты