$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2020, 14:56
Қоғам

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1 млн теңгеден алады

Қазіргі таңда елордада Ұлы Отан соғысына қатысқан 44 ардагер бар

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1 млн теңгеден алады
фото: akorda.kz

Бүгін Қазақстан Президенті коронавирусқа байланысты мәлімдемесінде жасап, алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келетінін айтты. Алайда, бұл күндері бірде-бір соғыс ардагері елеусіз қалмайды. 

«Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі», - деді Тоқаев.

Биыл Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1 млн теңгеден алатын болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

«9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада ҰОС 44 ардагері бар», - делінген.

Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да бір жолғы ақшалай төлем алады.

«Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары