АЭС құрылысы: референдумда халық тек бір сұрақ бойынша пікір білдіре алады (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Референдум биыл күзде өтеді

АЭС салу бойынша референдумда халық қандай мәселе бойынша дауыс беретінін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов журналистерге айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халық атомдық энергетиканы қолдай ма, қолдамай ма, соны шешеді. Одан кейін заңға сәйкес механизм бойынша, кім салады, қашан салады, келесі кезеңнің шешімдері. Көп жыл бойы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тиісті технологияны зерттеп жатыр. Шорт-лист та бар, белгілі мемлекеттердің технологиялары зерттеліп жатыр. Бағасына, Қазақстанға қандай пайдасы болады, зерттеліп, тиісті шешім қабылданады», - деді Сұңғат Есімханов. 

«Яғни, станцияны қай ел салатынына халық араласпайды?» деген журналист сауалына:

«Ол техникалық сұрақ. Оны мамандар шешуі керек. Жалпы, атом энергетикасын қолдау туралы шешім қабылдайды», - деді вице-министр.

Қазақстанда атом электр станциясын салатын тендерге Корея, Ресей, Қытай, Франция елдері қатысады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.