Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсем, аңыздағы қаһармандар құрмайды – Тоқаев
Реформалар қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген
Мемлекет басшысы қарапайым еңбеккерлерді жан-жақты насихаттау қажет екенін баса айтты. Оның сөзінше, осындай адамдар - заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта. Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген. Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі», - деді ол.