Шіріген ағаш адам өмірі үшін қауіпті: Eco Almaty директоры жазаланды
Прокуратура жауын-шашын жауса немесе жел тұрса құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты
Алматыда құлайын деп тұрған ағаш көп. Олар автокөлік құралдарына, әсіресе, азаматтарға қауіпті, жауын-шашын жауса немесе жел тұрса, құрбандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ретте, Медеу ауданының прокуратурасы Eco Almaty директорын тәртіптік жауапқа тартты.
«Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады. Кешенді түгендеу және орман патологиялық зерттеу, сондай-ақ мәліметтерді тиісті базаға енгізу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген», - деп хабарлады прокуратура.
Қазір апатты ағаштарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылдануда.
Айта кетерлігі, 2023 жылдан бастап сотта азаматтар тарапынан 51,3 млн теңгені өтеу туралы 32 талап-арыз қаралды. Бюджеттен 31,2 млн теңге өндірілген.