25.06.2024, 17:25
Қоғам
Астанада рұқсат етілмеген 33 қоқыс орны жойылды
Жыл басынан бері 232 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Фото: Астана әкімдігі
Жыл басынан бері қаланың бес ауданында рұқсат етілмеген 33 қоқыс орны жойылды, 45 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мысалы, Сарыарқа ауданында мониторинг нәтижелері бойынша 12 стихиялық қоқыс орны табылды. Бүгінгі таңда олардың 8-і пысықталды, қалғандары бойынша жұмыс аяқталу сатысында. Мердігерлік ұйымдар 16 мың тоннадан астам қоқыс шығарды.
- Байқоңыр ауданында көлемі 3,3 мың тоннадан асатын рұқсат етілмеген 3 полигон жойылды.
- Алматы ауданында жойылған 20 орыннан 15 000 тонна (2 142 рейс) қоқыс шығарылды.
- Есіл ауданында көлемі 150 мың тонна болатын рұқсат етілмеген полигондардың 7 орны анықталды. 9 мың тонна қалдық шығарылды. Жұмыс жүріп жатыр.
- Нұра ауданынан жойылған орыннан 588 тонна қоқыс шығарылды.
Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 09:12
Алматыда 13 жастағы бала қатарласын 9 жерден пышақтап, аяусыз өлтірді
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды