$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2024, 09:45
Қоғам

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ерекше білімді қажет ететін баланың саны 200 мыңнан асады. Қазір еліміздегі мектептердің 86 пайызы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты еніп, қазір  олардың саны 2,5 мыңнан асқан.

«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асырып жатыр. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», - дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Серіктес жаңалықтары