Саябақта суицид жасаған әйел өз баласын тұншықтырып өлтірген

Azattyq Rýhy

Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды

Саябақта суицид жасаған әйел өз баласын тұншықтырып өлтірген
Фото: polisia.kz

Бүгін, 24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған еді.  Ал әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Zakon.kz-тің жазуынша, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі қыз баланың денесі табылғанын растаған.

«Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді полициядан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, саябақта әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.