Ұшақ 7 сағат бұрын ұшып кеткен: депутат Аir Astana компаниясын сотқа береді
Рейс уақыты ауысқанын компания хабарламаған
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Аir Astana әуе компаниясын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ирина Смирнованың айтуынша, 23 маусым түнгі сағат 23:35-те Аir Astana әуе компаниясының ұшағымен Алматыдан Астанаға ұшуы керек болған. Алайда, ол рейс 16:30-да ұшып кеткен.
«Жеті сағат ерте ұшып кеткен. Мен билет сатып алған жерден де, әуе компаниядан да ешқандай хабарландыру алған жоқпын. Тіпті, ұшып кете де алмас едім. Өйткені, осы уақытта менде бұрын жоспарланған іс-шара болды. Таңертеңгі рейстерге мүлдем билет жоқ. Эконом санатына да, бизнес класқа да болмады. Олар барлық шағымды билеттерді алған компанияға жіберуді ұсынды. Бұған әуе компаниясының өзі емес, басқа біреу кінәлі. Дүйсенбіде мен шағым түсіріп, сотқа барамын», - деп жазды ол.
«Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсінік берді.
«23 маусым күні ұшатын Алматы – Астана бағыты бойынша КС 955 рейсі өндірістік жағдайға байланысты сағат 23:35-тен 16:30-ға өзгертілді. 21 маусым сағат 09:48-де, яғни, ұшуға екі күн қалғанда брондауда көрсетілген контактіге ұшу уақытының өзгергені туралы SMS хабарлама жіберілді. Жүйеде тиісті ақпарат бар», - деп хабарлады әуе компаниясы.