БЖЗҚ: еліміздегі ең жоғары зейнетақы алатын зейнеткер анықталды

Azattyq Rýhy

Ол ай сайын 945 752 теңге алып отыр

БЖЗҚ: еліміздегі ең жоғары зейнетақы алатын зейнеткер анықталды
Фото: pixabay.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты жариялады. Қор еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қордың деректері бойынша, салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жинақталып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асты (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ЖЗҚ-дан төленетін орташа зейнетақы мөлшері - 33 921 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңгені құрады.

Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін мамыр айында да айтқан. Сол кезде ең жоғары сома 945 752 теңге еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.