18.06.2024, 17:47
Қоғам
Жаңаөзенде қарызы 6 миллионға жеткен борышкер әке қамаққа алынды
Ол Қостанайға қашып кеткен
Фото: depositphotos.com
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы берген мәлімет бойынша, алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, осы негізде қала прокурорының өтінішімен сотпен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздестіру жарияланды.
Жүргізілген іздестіру шаралар нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан анықталып, қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді және қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады