Елімізде жаңа мерекелер пайда болды

Аягөз Құрмаш

Кәсіби мерекелер саны 63-ке жетті

Елімізде жаңа мерекелер пайда болды
Фото: https://www.istockphoto.com

Елімізде кәсіби мерекелердің саны жайлы бұйрыққа өзгерістер енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына 17 маусымда өзгерістер енгізілді

Құжат нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32924 болып тіркелді.

Біздің еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне мыналар қосылды:

-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

-Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;

-Ветеринарлық қызметкер күні – 10 шілде;

-Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

-ҚР жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

-Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Осылайша, қазір Қазақстанда барлығы 63 кәсіби мереке бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.