12.06.2024, 10:49
Қоғам
Өзбекстан халқы Құрбан айт мерекесінде 4 күн демалады
18 маусым қосымша демалыс күні болып жарияланды
Фото: istockphoto.com
Өзбекстан халқы Құрбан айт мерекесінде 4 күн қатарынан 15-18 маусым аралығында демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «Құрбан айт мерекесін тойлау» туралы ел президентінің қаулысында айтылған.
Құжатта Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі 17 маусымға ауыстырылатыны жазылған. Оған қоса, Өзбекстан президентінің 2024 жылы ресми даталарды мерекелеу кезіндегі қосымша демалыс күндерін белгілеу туралы 2023 жылы желтоқсанда қабылданған жарлығына сәйкес, 18 маусым қосымша демалыс күні болып есептеледі.
Өткен жылы ел халқы бұл мерекеде 5 күн қатарынан демалған.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
