11.06.2024, 17:20
Қоғам
«Мынаны Кенжебек көрмесін»: «Музарт» тобына пародия жасаған бүлдіршіндер жұрттың көңілін көтерді (ВИДЕО)
Олар балабақшадағы концертте ән айтқан
Фото: видеодан скриншот
Желіде «Музарт» тобының мүшелеріне пародия жасаған бүлдіршіндер жұрттың көңілін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балабақшадағы концертте балалар жылтыр костюм мен беттеріне «Музарт» тобының мүшелері Мейрамбек, Сәкен және Кенжебектің суреті салынған масканы тағып, ән айтты. Олар «Арман-ай» әнін орындап тұр.
Видеоға жазылған пікірлер де аз емес. Көпшілігі тәрбиешіге алғыс айтып, бүлдіршіндердің еңбегін бағалаған.
«Кенжебекті айнытпай салыпты. Керемет. Балалар биік белестен көрінсін. Қимылдары да ұқсайды. Ағаларына ұқсаса жаман болмайды. Апайларының фантазиясына рақмет»,- деп жазған олар.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы