$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2024, 15:07
Қоғам

«Алиментке ақша жоқ, казиноға бар»: Жетісу әкелері жауапқа тартылды

9 тұрақты төлемеуші тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Алиментке ақша жоқ, казиноға бар»: Жетісу әкелері жауапқа тартылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Жетісу өңірінде 50 азамат үнемі құмар ойынын ойнап, 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Алайда балаларына тиесілі 60 миллион теңге алимент түріндегі қарызды төлемеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған.

Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет Департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

«Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтыруға қол жеткізді. 144 төлемеуші тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (116 адам қамауға алынды және 28-іне айыппұл салынды)», - делінген ақпаратта.

9 тұрақты төлемеуші тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары