Денсаулық мәселесі тек министрліктің мәселесі емес - министр

Темірхан Айжан

Әлназарова балабақшада тәрбиешілердің вакцинацияны насихаттау жұмыстарын жүргізуіне қатысты жауап берді 

Денсаулық мәселесі тек министрліктің мәселесі емес - министр
Фото: istockphoto.com

Кейбір елдерде ата-аналар балаларын міндетті егуден бас тартатын болса, оларға айыппұл қарастырылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Инфекциялық аурулардың алдын-алатын бірдер бір амал – вакцинация. Қазақстанда балаларды егу тегін қамтамасыз етілген. Бұл туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әртүрлі себептерге байланысты вакцинациядан бас тартатындар бар. Олардың кейбірі медициналық себептерді алға тартса, кейбірі жай ғана салдыруды қаламайды. Өздеріңіз білесіздер, былтыр да, биыл да вакцина арқылы алдын-алуға болатын инфекциялық аурулардың өршуімен бетпе-бет келдік. Қызылша, көкжөтел ауруларының ушыққанына куә болдық. Сондықтан ата-аналар өзінің ғана емес, өзгенің де баласы үшін жауапкершілік арқалайтынын түсінуі керек. Мысалы, бақшада балалардың 90 пайызы вакцина алған болса да, бір бала инфекция таратушы болса, бәріне жұғу қаупі жоғары деген сөз», - деді министр.

Ақмарал Әлназарова кейбір елдерде вакцинация міндетті және ата-аналардың қалауына берілетін болып екіге бөлінеді. Егер міндетті вакцинациядан негізсіз бас тартса, айыппұл қарастырылған.

Ал «неліктен балалар бақшасында тәрбиешілерді ата-аналарды вакцинация жасатуға үгіттеуге мәжбүрлейді?» деген сұраққа «балалар бақшасында медбикелер бар. Денсаулық мәселесі тек министрліктің мәселесі емес, бүгінде білім беру ұйымдары медбикелермен қамтамасыз етілген, олар да жұмыстар жүргізеді. Мұны олардың міндетіне кірмейді деп айта алмас едім»,- деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.