Соңғы екі айда Атырауда болған 43 нәресте өлімінің себебі белгілі болды
Атырау облыстық перзетханасында соңғы екі айда (тамызда – 26 нәресте, қыркүйекте – 17 нәресте, авт) 43 нәрестенің неден өлгені белгілі болды.
«Қылмыстық тергеуге қатысты ақпараттың барлығын құқық қорғау органдарынан сұрау керек, біз ол ақпараттарды білмейміз. Біз Атырау периниталды орталығында тамыз-қыркүйек айларында тіркелген нәресте өлімінің себебіне анализ жасадық. Нәрестелердің өліміне себеп – аурухана ішіндегі инфецкия болып шықты. Аурухана ішіндегі бактериалды инфекцияның салдарынан нәрестелер өлген», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау вице-министр Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен 26 адамнан құралған комиссия 5 қазан күні жұмысына кірісіп, 18 қазан күні жұмысын аяқтаған.
Айта кетейік, қазір ел бойынша тірі туған баланы мұздатқышқа салып өлтірді деген айыппен Атырау облыстық перзентхананың бас дәрігері мен сол күнгі кезекші дәрігер тергеуден өтіп жатыр.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан