10.06.2024, 11:55
Қоғам
Құрбан айт күні Астанада қоғамдық көлік тегін жүреді
Қаладағы автобустардың жұмыс уақыты таңғы сағат 06:00 басталады
Фото: Azattyq Rýhy
Жексенбі, 16 маусым күні Құрбан айттың бірінші күні Астана қаласында қоғамдық көлік тегін жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласы әкімдігінің шешімімен Құрбан айт мерекесі күні, яғни, 16 маусымда елорданың қоғамдық көліктері (қалалық және қала маңы бағдарлары) тегін жүреді. Қоғамдық көлік жұмысы таңғы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусым күні басталады.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 13:07
Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды