$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2024, 17:36
Қоғам

Сенат депутаты экологиялық қауіпті аймақта тұратын адамдарға үстемақы төлеуді ұсынды

Кентау қаласын экологиялық апат аймағы деп жариялау ұсынылды

Сенат депутаты экологиялық қауіпті аймақта тұратын адамдарға үстемақы төлеуді ұсынды
Фото: © istockphoto.com

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек үкіметтен Түркістан облысындағы Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіргізу бойынша нақты шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 2016 жылдан бері тұрғындар Кентау мен оның айналасындағы елді мекендерді төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін белсенді түрде талқылап келеді.

Депутаттың ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанның Экологиялық кодексіне сәйкес құрылған, Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істеп отыр.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Түркістан облысының Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің аумағын экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіргізу бойынша заңнамалық тиісті өзгерістер енгізу үшін нақты шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар, аталған аумақта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге экологиялық аймақта тұрғаны үшін әлеуметтік аударымдармен қоса республикалық бюджеттен 20% үстемақы қаржы қарастыру қажеттігін шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз», - деді сенатор премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

 

 

Серіктес жаңалықтары