ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Бас мүфти: «Мешіт есігі жабылғанымен, сауап есігі ешқашан жабылмайды»

Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады.  

«Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей», - деп бастайды.

Бас мүфти онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдар жасауға болатынын айтты.

«Өздеріңізге белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Алайда уақытша сынақ кезінде жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанымен, сауап есігі ешқашан жабылмайды. Қасиетті хадис-шарифте айтылғандай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы. Интернет желісі арқылы онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз төтенше жағдай кезінде пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын таңдадық», - деді Бас мүфти.