$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2024, 16:36
Қоғам

«Жоламаңдар!»: Әнші Бүркіт түрмеде жүр (ВИДЕО)

Түрмеде ол есірткі тасымалы үшін сотталған жас балалармен кездескен

«Жоламаңдар!»: Әнші Бүркіт түрмеде жүр (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Сейітов Алматы прокуратурасы ұйымдастырған  «Тоқта-есірткі» акциясының аясында түрмеге барып, жас балалармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Алматы прокуратурасы Бүркіттің үгіт-насихатын видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Бейнежазбадан көріп отырғанымыздай, әнші есірткі тасымалы үшін сотталған жас балалармен кездесіп, олардың неше жаста екенін, қалай қолға түскендерін сұрайды.

Балалардың біреуі колледжде оқып жүргенде ақшадан қысылғандықтан бұл әрекетке бардым десе, енді бірі жасаған қылмысы үшін өмір бойы өкінетінін айтқан.

«Мұңаймаңдар! Бұл әрине сіздердің өмірлеріңізде өзгертуге келмейтін кезең, бірақ, ертең босап шыққан соң, осыны ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысыңдар. Қатарластарыңа бұл дертке жоламасын деп ақыл айтыңдар, аман болыңдар», - дейді оларды жігерлендірмек болған Бүркіт.

Әнші қамауда отырғандар қазақтың балалары екенін айтып, өкініш тантты.

«Өте өкініші, бәрі біздің қазақтың жап-жас балалары. Өте ауыр қылмыс үшін 14,16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр. Олар есірткіні жерден көріп, қалтасына салғаны үшін ғана 3-7 жыл арқалап жатыр. Жастар, ұл-қыздар, бұған жоламаңдар! Ешқашан есірткі қолданбаңдар, оны таратпаңдар», - дейді жастарға үндеу айтқан әнші.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#есірткі