Алматыда «Есірткі лаборанты» 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Azattyq Rýhy

Күдіктінің пәтерінен синтетикалық психотроптық затты өндіруге арналған құралдар табылған

Алматыда «Есірткі лаборанты» 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алматының Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде 27 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері пәтерді тінту барысында медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және басқа да синтетикалық психотроптық затты өндіруге арналған құралдарды тәркіледі. Және дайын өнім - кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 граммды құрайтын «Альфа-PVP» есірткі заты болып табылады. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Күдікті қамауға алынды», - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.