$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2024, 22:40
Қоғам

Заң бұзушылық: жеке сот орындаушылары алимент бойынша берешек сомаларын жасанды түрде төмендеткен

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек 4 млрд теңгеден астам соманы құрады

Заң бұзушылық: жеке сот орындаушылары алимент бойынша берешек сомаларын жасанды түрде төмендеткен
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жеке сот орындаушыларының (ЖСО) қызметіндегі тексеру нәтижелері барысында алимент бойынша берешек сомасын жасанды түрде төмендету бөлігінде 500 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Сонымен бірге, жүргізілген тексеру барысында жеке сот орындаушылары елден шығуға, нотариаттық іс-әрекетке тыйым салмағаны, алимент бойынша жалпы сомасы 352 млн теңгеден астам берешек болған кезде мүлікке тыйым салмағаны анықталды, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарына кері әсер етті.

«Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша 5 ЖСО әкімшілік, 22 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 ЖСО лицензиясынан айырылды, сондай-ақ, ЖСО қызметін үйлестіруге жауапты облыстың Әділет департаменті бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары