30.05.2024, 10:37
Қоғам
Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты
Бұған дейін Ибрашев жаңа қызметке тағайындалған болатын
Фото: Жоғарғы сот
Парламент Сенаты президенттің ұсынымы бойынша Талғат Ибрашевті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сенатқа ҚР Жоғарғы сотының судьясы Талғат Ибрашевті қызметінен босату туралы президенттің тиісті ұсынымы келіп түсті.
Ол биыл сәуір айында президенттің жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған еді.
Сенат депутаттары жаңа қызметке баруына байланысты Талғат Ибрашевті Жоғарғы соттың судьясы лауазымынан босату туралы қаулыны қолдап дауыс берді.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды