$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2024, 09:06
Қоғам

Павлодар облысында жерді жеке мақсатта пайдаланған шенеунік ұсталды

Оның заңсыз әрекеті салдарынан 80 млн теңге залал келді

Павлодар облысында жерді жеке мақсатта пайдаланған шенеунік ұсталды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Павлодар облысы Ертіс ауданында ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәтижесінде 22 мамырда сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған. Атап айтқанда, елді мекендерге арналған жер санаты ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған.

Салдарынан мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн. теңгеге төмендету түрінде залал келді. Сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жер учаскелері мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында. Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары