28.05.2024, 11:40
Қоғам
«Қош бол, балабақша»: қазақ бүлдіршіндері лимузин мініп, «Чина братан» әнімен кеш өткізген (ВИДЕО)
Олардың видеосын әлеуметтік желіде 3 миллионнан астам оқырман көрген
видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Батырхан Рысбекұлы есімді қолданушы балабақшамен қоштасқан бүлдіршіндердің видеосын жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видеода көрініп тұрғандай, «Балабақша түлегі-2024» жазуы бар сары лента таққан бір топ бала лимузиннің ішінде отыр. Артқы фонда «Ирина Қайратовна» тобының «Чина» әні қосылған. Балалар бұл әннің сөзін жатқа айтқанын көруге болады. Лимузиннің ішінде ересек адамдар да жүр.
Кейбір деректерге сүйенсек, бұл Жаңаөзен қаласындағы балабақша түлектері.
Айта кетейік, соңғы қоңырау күні Маңғыстауда мектеп түлектері 100 кортеж мініп, тойлаған болатын. Сонымен қатар, төбелеске қатысқан түлектер мен олардың ата-аналары кешірім сұраған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды