Түркістан облысында жол ережесін бұзған түлектер кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды
Рейдтік іс-шара облыс полицейлерімен жалғасуда

Түркістан облысында полиция бітіруші түлектердің 4 кортежін анықтап, жүргізушілерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертпелерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырғаны белгілі болды.
«Мәселен Түлкібас ауданында Шымкент қаласы түлектерінің көліктердің терезелерінен шығып жүргені үшін тоқтатылса, дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да орын алды. Кортеждегі «TOYOTA CAMRY»,«TOYOTA LAND CRUISER» және «TOYOTA CAMRY» т.б. маркалы қымбат автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шаралар көрілді. Ал оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.