26.05.2024, 16:30
Қоғам
Жаңаөзенде түлектер 20 жылдан соң ұстаздарына пәтер сыйлады
Гүлнәр Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп келеді
Фото: Жаңаөзен қаласы әкімдігі
Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғаліміне 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Түлектер 25 мамырда соңғы қоңырауда пәтер кілтін табыс етті. Гүлнәр Қарақойшиева қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғысын білдірді. Ұстазға демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс етті.
Айта кетейік, Гүлнәр Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың сапалы білім алуына өз үлесін қосып келеді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды