«Қызғалдақ емес, мак гүлі»: Қайрат Нұртас оқырмандары үшін нені құрбан етуге дайын
Әншінің кезекті жазбасы қызу талқыланып жатыр
Әнші Қайрат Нұртас Қазақстанның көрікті мекендерінің біріне барып, жаңа роликке түскен. Бейнежазбада гүл теріп жүрген әнші оқырмандарының алдында ақталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әнші далада теріп жүрген гүлі ерекше қорғалатын қызғалдақ гүлі емес, шабындықтағы мак гүлі екенін айтып, оқырмандарына ескерту жасады.
«Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін! Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік», - деп жазған әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтарды жұлғандар заңмен жазаланады. Осы облыста қызғалдықты жұлып, суретке түскен қыз жауапқа тартылған болатын.