$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2024, 14:42
Қоғам

Нұртөре Жүсіп: Қазақстанда жұмыссыздардың тең жартысы – әйелдер

Елімізде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 450 мыңнан асады

Нұртөре Жүсіп: Қазақстанда жұмыссыздардың тең жартысы – әйелдер
Фото: parlam.kz

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдер арасындағы жұмыссыздық проблемасын қозғады, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Депутат келтірген статистикаға сүйенсек, қазір елімізде жұмыссыздар саны 452 669 адамды құраса, олардың 242 173-і әйелдер.

«Яғни жұмыссыздардың тең жартысы – әйелдер қауымы. Бұл дерек үкіметті ойландыра ма?», деп сұрады сенатор.

Нұртөре Жүсіп Астанада 2021 жылдан бері көпбалалы және жалғызбасты аналарға, өмірде қиын жағдайда тап болған, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.  Орталық түрлі кәсіп бойынша 20-дан астам білім беру курсын ұйымдастырған, 2,5 мың әйел білім алды. Олардың 80%-ы өз ісін ашқан және орталық заңгерлерінің қолдауымен өтініш беріп, мемлекеттік грант иеленді.

«Бақытты отбасы» орталығы бір жағынан әйелдерді рухани, моральдық тұрғыдан қолдап, кәсіп үйретсе, екінші жағынан халқымыздың этнографиялық  мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа тәлім беретін таптырмас мәдени мектептің қызметін атқарып отыр. Әйгілі Маргарет Тетчердің «істі талқылағыңыз келсе ер адамға, жүзеге асырғыңыз келсе әйел адамға барыңыз» деген сөз бар. Осы сөз маған қазақтың қазіргі іскер қыздарына қарата айтылғандай көрінеді. Осындай үлгідегі орталықтарды өңірлерде, әсіресе, облыс орталықтарынан көптеп ашуға қалай қарайсыз? Үкімет тарапынан арнайы гранттық көмек беруге мүмкіндіктеріңіз бар ма? Осы үлгідегі орталықтардың  өнімдерін нарыққа шығаруға, қорғаныс, медицина, мәдениет салалары бойынша жүйелі тапсырыстар арқылы қалыптастыруға мүмкіндік бола ма?»,- деді Жүсіп.
 

 

 

Серіктес жаңалықтары