20.05.2024, 21:24
Қоғам
Түркістан облысында 600 дана су есептегіш құралын ұрлаған ер адам ұсталды
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті
Ордабасы полициясы ұрлық жасаған 36 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ер адам су құбырларын жүргізу жұмысы болып жатқан мекенжайдан су есептегіш құралдың 600 данасын ұрлаған.
Жәбірленушіге 5миллион теңге шығын келген.
Ал ұрланған затты темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген.
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр