$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2024, 10:36
Қоғам

Қазақстанда тағы бір Айтбек әпкесінің өліміне қатысты әділдік іздеп жүр (ВИДЕО)

Оның туған әпкесі Салтанат Нүкеновадан 3 күн бұрын көз жұмған

Қарағанды облысының тұрғыны, зағип жан Айтбек Ауылбаев есімді азамат жарты жылдан бері әпкесінің өліміне қатысты әділдік іздеп жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 9 қарашасында көз жұмған Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сот үкімі шығып қойса, одан үш күн бұрын, яғни, 6 қарашада көз жұмған оның әпкесінің өліміне қатысты тіпті қосымша сот-медициналық сараптама әлі жасалмаған.

Айта кетейік, оның әпкесі Меруерт Ауылбаева 2023 жылдың жазында Балқаш ауруханасына соқыр ішегі ұстап түскен болатын. Отадан кейін оның орны іріңдеп, әйел ұзақ уақыт сырқаттанған.

«6 мамырда менің әпкем Миканың (Меруерт Ауылбаева – ред.) қаза тапқанына тура жарты жыл болады. Ол дәрігерлердің біліксіздігінен қаза тапты. 10 мамыр күні қосымша сот-медициналық сараптама аяқталуы керек еді. Бірақ, 14 мамырдағы жағдайға сәйкес, әлі аяқталған жоқ. Мика 6 қараша күні қаза апты, ал, Салтанат Нүкенова 9 қарашада қаза тапты. Кеше Нүкенованы өлтірген адамға сот үкімі шықты. Ал менің әпкемнің өлімі бойынша әлі қосымша сот-медициналық сараптама да аяқталған жоқ. Маған үнемі «журналистерге ештеме айтпа» дейді, бірақ өздері жұмыс істегісі келмейді. Қарағанды облысының полиция департаменті әрекет етпейді», - дейді  Айтбек Ауылбаев. 

Оның айтуынша, құзырлы органдағы жауапты азаматтар оның әпкесінің өліміне қатысты істі бір-біріне сілтеп, уақыт созып жатыр. Сонымен қатар, оның айтуынша, үнемі «кешенді шаралар қабылданып жатыр» деген сылтау айтады.

«Құрметті Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі, менен қарағанда көздеріңіз көреді ғой, сондықтан, менің осы бейнеүндеуімді көріп отырған шығарсыздар, маған «іс қаралып жатыр, басшылықтың бақылауында» деп жазбай-ақ қойыңыздаршы. Өқйткені, сот медициналық сараптаманың уақыты өтіп барады», - дейді ол.

Бұл мәлімдемеден кейін Қарағанды облысының полиция департаменті комментарий жолдаған.

«Балқаш қаласының тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында қаза тапқан әйел тексерілген бірқатар мекемелерде тексеру жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша Астанадан мамандар тартыла отырып сот-медициналық сараптама комиссиясы тағайындалған. Қазір оның қорытындысын күтіп отырмыз, қорытындысы шыққан соң нақты шешім қабылданады. Іс Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», - дейді баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қызының соқыр ішегі ұстаған әйел Қалқаман ауруханасының хирург дәрігеріне "рақмет" ретінде 100 мың теңге бергенін айтып, редакциямызға хат жолдаған болатын. Біздің журналистік зерттеуден кейін анықталғандай, хирург жұмысынан босаған. 

Серіктес жаңалықтары