$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда алқабилер соты есірткі сатпақ болған полиция полковнигінің ұлын ақтап алған

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Ақтауда алқабилер соты есірткі сатпақ болған полиция полковнигінің ұлын ақтап алған
фото: www.istockphoto.com

15 мамырда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі сатқаны үшін айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Алқабилер сотталушыны қылмысқа қатысқаны туралы дәлелдің жоқ екенін айтып, ақтау үкімін шығарған.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қазан айында сотталушы Ақтауда болған кезде психотроптық заттарды Telegram мессенджері арқылы таратуға тырысқан.

Сотталушы 2023 жылдың 8 қарашасында әртүрлі есірткілердің үлкен партиясымен және оларды сатуға арналған жабдықтармен ұсталған еді.

Айыптаушылардың нұсқасы бойынша сотталушының іс — әрекеттері ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтарына, яғни «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» тармақтарына жатады деп бекіткен. Ол үшін оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген.

LADA.KZ хабарлағандай, прокурорлар екі куәгердің айғағы мен тергеу әрекеттерінің басқа хаттамаларын қоса алғанда, толық дәлелдемелер базасын ұсынғанын хабарлады.

Алайда, алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша бұл дәлелдер сотталушының кінәсін растамайды деп шешкен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және прокурорлар оған қайта шағымдануға ниетті.

 

Серіктес жаңалықтары