$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін сағат 16.00-де тікелей эфирде грант таратылады

Іріктеу «Срочники 2.0» цифрлық платформасы арқылы жүреді 

Бүгін сағат 16.00-де тікелей эфирде грант таратылады
Фото: Ақмола облысының ІСБ

16 мамыр сағат 16:00-де Qazaq Army YouTube арнасында мерзімді әскери қызмет сарбаздары арасында білім беру жеңілдіктерін бөлу  online-форматта өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттар бөлу туралы Заңға қол қойған еді. 

Соған орай, күзден бастап азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін 100% жеңілдік алып қана қоймай, стипендиямен қоса толыққанды грантқа ие болады. 

Іріктеуді өткізудің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы енгізілді. Сарбаздар әлеуметтік желілерде жарияланған тізімдерге сәйкес осы платформада жоғары оқу орындарына түсу сертификаттар алады.

Серіктес жаңалықтары