13.05.2024, 17:27
Қоғам
«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыз?»: Байжанов сот залында үкіммен келіспейтінін айтты
Ол сотта өзін кінәсіз деп санайтынын алға тартты
видеодан скриншот
Бүгін сот шешімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжанов сот залында өзінің наразылығын танытты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Судья Айжан Құлбаева үкімді оқығаннан кейін тараптардан үкімге қатысты айтарлары бар ма екенін сұрады. 24 жылға сотталып отырған Қуандық Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтса, Бақытжан Байжанов наразылығын білдірді.
«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыздар? Кінәсіз адамды неге соттадыңыздар?»,- деді Байжанов.
Судья Айжан Құлбаева оған сот үкімі қолына тиген соң 15 тәулік ішінде үкімді аппеляцияға бере алатынын айтып, сот отырысын жабық деп жариялады.
Көп оқылған
26.06.2026, 09:55
Павлодар облысында қалың қамыстың арасында аяғы сынып, екі күн дәрменсіз жатқан қария табылды (ВИДЕО)
26.06.2026, 16:12
«Ыстық бөлмеде қамап ұстап, ойыншық бермеген»: Тараздағы ерекше балалар орталығында дау шықты
26.06.2026, 11:06
Асхат Аймағамбетов: Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын 100 пайыз инвестициялық компанияларға бере алады
26.06.2026, 16:48
Алматы метросында полиция жасөспірімнің сөмкесінен Калашников автоматының оғын тауып алды
26.06.2026, 23:17
Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай: 27 маусымға дауылды ескерту жарияланды