12.05.2024, 20:52
Қоғам
Астанада саңырау әрі мылқау такси жүргізушісін балағаттаған ер адам қамауға алынды
Оны жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді
Фото: istockphoto.com
Әлеуметтік желіде ішіп алған ер адамның такси жүргізушісін балағаттап жатқан видеосы тарады. Жүргізуші саңырау әрі мылқау болғандықтан ер адамға жауап бере алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, такси жүргізушісінің есімі – Шыңғыс. Ол әкесі екеуі бір көлікпен кезектесіп жолаушы тасымалдайды екен.
Астана полиция департаменті жүргізушіні мазақ қылған жолаушының кім екені анықталып, ұсталғанын мәлім етті.
«Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
