11.05.2024, 22:19
Қоғам
Қостанайда полиция қызметкері өз үйінің ауласынан өлі күйінде табылды
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда
Фото: polisia.kz
Кеше, 10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысының полиция департаменті марқұмның криминалист болып жұмыс істегенін, қазіргі уақытта жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын нақтылады.
«Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)