Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр

Azattyq Rýhy

Жаңа талап 1 маусымнан бастап күшіне енеді 

Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр
freepik.com

2024 жылдың 1 маусымынан бастап Грузияға кірген туристер міндетті түрде медициналық сақтандыру сатып алуы керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Грузия Онлайн» басылымына сілтеме жасай отырып.

Грузияның «Туризм туралы» заңының 12-бабына сәйкес, енді Грузияға кіретін туристің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы керек. Дереккөзге сүйенсек, 10 күнге арналған медициналық сақтандырудың құны Қазақстан валютасына шаққанда 7 мың теңге мен 14 мың теңге аралағында болады.

Басты айта кетерлігі, елге медициналық сақтандыру сатып алмай кірген туристерге 300 лари көлемінде, яғни, 50 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Айыппұлды уақытылы төлемеген адам 600 лари, яғни, 100 мың теңге шамасында айыппұл арқалайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.