$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2024, 20:39
Қоғам

«Бекіре-2024»: Атырау облысында акция басталғалы 9 тоннадан астам балық тәркіленді

Браконьерлік, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау баптары бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды

«Бекіре-2024»: Атырау облысында акция басталғалы 9 тоннадан астам балық тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Акция басталғалы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР ҰҚК, құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 533 бұзушылығын анықтап, жолын кесті, нәтижесінде 386 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайыққа сілтеме жасап.

Сондай-ақ браконьерлік, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау баптары бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынды.

«Заңсыз айналымнан 9 тонна 729 келі балық, оның ішінде 1 тонна 412,2 келі бекіре тұқымдас балық, 6 келі 028 грамм бекіре уылдырығы, 82 бірлік аулау құралы және 25 бірлік су көлігі тәркіленді», - деп атап өтті «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов.

Серіктес жаңалықтары