$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев бүкіл ескі Қазақстан үшін жауап бермейді – адвокат

Қорғаушы Бишімбаевтың Салтанатты өлтіргенін мойындағанын айтты

Бишімбаев бүкіл ескі Қазақстан үшін жауап бермейді – адвокат
Фото: видеодан кадр

Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынованың айтуынша, сот процесі Бишімбаевтың арқасында танымал болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Адвокат егер Бишімбаев қарапайым азамат болса, сот отырыс ешкімге қызық болмас еді дейді. Яғни, іс қоғамның назарын алып, бұқаралық ақпарат құралдарында тарамас еді деген ойын айтты.  

«Қазір жәбірленуші тарап Бишімбаев бүкіл ескі Қазақстан үшін жауап беруі керек дейді. Оны қайдан шығардыңыздар? Бишімбаев тек өзінің әрекетіне жауап беру керек. Ол Салтанатты өлтіргенін мойындады. Оған жарақат салғанын мойындады. Ол ешқашан Салтанатты өліп қалады деп ойламады», - деді ол. 

Адвокат Нүкенова өлген күні Бишімбаевтың да «өлгенін» айтып, алқабилердің аяушылығын тудыруға тырысты.

Серіктес жаңалықтары