Динара Зәкиева, Назым Қаһарман, Аида Ахмедина мен Айсана Әшім: Собчак Қазақстанда кімдерден сұхбат алған

Автор: Аягөз Құрмаш

«Бишімбаев ісі» деп аталған репортаж бір сағаттан артық уақытты алады

фото: видеодан скриншот

Ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстанға келіп, Бишімбаевтың сот отырысына қатысқан еді. Бүгін журналистің Қазақстаннан репортажы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстанда қоғамдық резонанс тудырған ең даулы істердің бірі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты. Сәуірдің аяғында өткен сот отырысының біріне ресейлік танымал журналист Ксения Собчак та қатысқан еді.

Сот отырысына қатысқан Собчак өзінің әсері жайлы айтады.

«Біз Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына қатысып отырмыз. Отырысы барынша ашық өтіп жатыр. Себебі ресейлік кейбір соттарға журналистер кіре алмайды. Процестер арнайы түрде жабық өтеді. Ал бұл жерде сот отырысы ашық, бізді арнайы өткізіп, сот залына әкелді. Залда әлі ешкім жоқ. Біз процестің басталуын күтіп отырмыз. Бұл ресейлік соттың не екенін білетін адам ретінде мені таң қалдырды», - дейді Ксения Собчак.

Журналист өз репортажын Салтанаттың құрбысы Аида Ахмединадан Дима Биланның концертінде болған кездесу жайлы сұраудан бастаған. Құрбысынан Салтанат пен Қуандықтың отбасында көзге түскен жағдайлар жайлы сұрап біледі.

«Салтанат тойдан кейін мүлдем жоғалып кетті. Біз әрине бұған түсіністік таныттық. Салтанат бізге ешқашан арызданбайдын еді», - дейді Аида.

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелдіден оқиғаға дейін болған жағдайлар жайлы айтып берген.

«Салтанат кішкентай кезінен бастап ашық, ақжарқын болатын. Кітап оқығанды жақсы көрді. Бір сөйлесе, әңгімесін айтып тоқтамайтын. Мен Қуандық Бишімбаевпен жақын таныстықты желтоқсанда болған тойдан кейін бастадым. Ол бірінші рет түрмеге тоғытылғаны туралы айтты. Адамның шалыс басқаны өте оңай екенін жеткізді. Өзі жайлы, отбасы, біорінші отбасы жайлы көп әңгіме айтты», - дейді Айтбек Амангелді.

Оның айтуынша, Салтанат Бишімбаевтың білімді, ақылды, білікті екенін айтып, мақтап жүрген.

«Кейін оның барлығы өзгерді. 2023 жылды қарсы алатын Жаңа жыл мерекесіне мен сыйқтарымды алып олардың үйіне келдім. Кейін қазір айыпталушы болып отырған Байжанов өз отбасымен есткертпестен келді. Салтанат оларға Бишімбаев сыйлаған әтірді сыйлап жіберді. Бұл әрекет Бишімбаевқа ұнамай, сол жерде жанжал шығарды. «Менің сыйлығымды біреуге неге бересің?» деп ашуланды. Екінші күні мен Салтанатпен жазысқанда ол үстелдің барлығын төңкеріп тастағанын айтты. Осы оқиғадан кейін мен оларды бақылау керегін түсіндім», - дейді Салтанаттың ағасы.

Сондай-ақ журналист Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарманмен де сөйлескен.

«Мен біздің некеміздегі нарцистік әрекеттерді екі баладан кейін байқай бастадым. Мен барынша өз отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Біз 14 жыл бірге отастық. Екінші бала дүниеге келгенде ол өзінің шынайы бейнесін көрсете бастады. Яғни, дөрекі сөйлеп, кешірім сұраудан қалды. Қуандық тағы отбасы құрғысы келетінін маған қарашада айтты. Біз балаларды оған дайындадық», - дейді Назым Қахарман.

Қазір сотта жәбірленуші тараптың қорғаушылары да Собчактың репортажында пікір айтқан.

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыру туралы тапсырма бергенін айтты.

«2023 жылдың қыркүйегінде әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылықтың күшейтілген жазасы жарияланды. Президент бұл мәселеге адам ретінде өте ерекше назар аударды. Себебі ол әйелдер мен балалардың жәбірленгенін көріп, заң бойынша оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге бар күшін салды», - дейді Зәкиев.

Сондай-ақ Ксения Собчак өз репортажында өзге тұрмыстық зорлық-зомбылық өкілдерінің оқиғаларын көрсеткен. Абьюзер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынасты талдайтын психолог мамандарының пікірлерін білген. Сонымен қатар Қазақстанда тараған «Ұят» түсінігіне мән берген тырысқан.