03.05.2024, 12:37
Қоғам
«Агата Кристидің әңгімелері сияқты»: Бишімбаевтың адвокаты прокурорлардың сөзін детективке теңеді
Адвокаттың ойынша, Бишімбаевтың Нүкенованы VIP бөлмеде ұрғанына дәлел жоқ
Фото: видеодан кадр
Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, Нүкенова басын кірпіш қабырғаға соғып алғандықтан өлген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бишімбаевтың мейрамхананың дәлізінде Нүкенованы ұрып-соққаны камераға жақсылап түсіп қалған. Ол Нүкенованы алақанымен 4 рет ұрғанда, әйелдің басы кірпіш қабырғаға соғылады. Сол себепті оның басына қан жиналған», - деді адвокат.
Адвокаттың ойынша, Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып жатқан басқа видеожазба табылмады, сондықтан оның VIP бөлмеде де ұрғанына дәлел жоқ.
Ерлан Ғазымжанов айыптаушы тараптың айғақтары эмоция мен болжамға құрылған дейді. Ол прокурорлардың сөзін Агата Кристидің әңгімелері сияқты детективке теңеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
