02.05.2024, 09:40
Қоғам
Гүлмира Сатыбалдының ісі сотқа кетті
Бұл туралы Антикор хабарлады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Гүлмира Сатыбалдының ісін сотқа жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Агенттік Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады. Қазір олар қылмыстық іс материалдарымен танысып болды», - деп хабарлады Агенттіктің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, қылмыстық іс Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.
Айта кетейік, былтыр маусым айында Қызылорда қаласының соты Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша сегіз жылға соттаған болатын.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады