$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2024, 08:20
Қоғам

Ақмоладағы асыранды баланың өлімі: азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды

Төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды

Ақмоладағы асыранды баланың өлімі: азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Щучье қаласында асырап алған екі жасар баланы азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды. Бурабай ауданы білім бөлімінің қорғаншы органына қатысты да тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Шучье қаласында екі жастағы асыранды баланың денесі ауладан табылған. Оны бағып алған отбасы төрт жыл бұрын үйінің алдына көміп тастапты. Бірақ оны осы уақытқа дейін ешкім білмеген. Бұл қылмыс аяқ асты әшкере болды. Бес баланы асырап алған отбасындағы бір балақай ауруханаға түседі. Сол кезде қамқоршысы шатасып өлген баланың туу туралы куәлігін көрсеткен. Осыдан кейін тексеріс басталып, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны анықталды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы әжелері қамауға алынған. Енді «азаптау» бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды.

Төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары